Ондай күйеу өзіме де керек (Аққенже Acaнбaй) қазақстандық автор. www.elrayi.kz Онлайн жариялау. Транслитерация: латиница, kone jazu, арабская вязь.
Latin
 
|
www.elrayi.kz

Аққенже Acaнбaй     Жазба

Алматы

 

 Басты бет - www.elrayi.kz  Басты бетке

Ондай күйеу өзіме де керек [36]/[1]

Ұсынамын



 Автор парағы
* * * * * * *
Хабарландыру [1]
Өлеңдер [4]
Жазба [15]
Өлең аудармасы [1]
Жазба аудармасы [5]
* * * * * * *
Автордың оқырмандары
Парақ иесіне хат жазу
Автор туралы
Автордың фотогалереясы

 

Ондай күйеу өзіме де керек.
         Дастарқан басында отырғандар іштерін ұстап, күлкіден көздеріне келген жастарын сүртіп жатыр. Шымбай әйелінің әңгімені қатырып айтатынына таң қалып, өзі де қосылып мәз-мейрам болып қалыпты. Ал, оның Зағипасы сайрауда:
-   Жоғ-а, тіпті? Әуелгіде қант сұрайтын. Жарайды жұмыстан шаршаған соң қантпен шәй ішкісі келер деп ойлап, бір шүмек шәйға емес бір самауыр шәйге жететіндей қант салып жүрдім. Кейіннен: «Зағипаш, сен қант салмай-ақ қой. Бар болса кәмпит салшы. Қанттан да адам шығады екен» - деп сызылды. Шынымен «шықса шыққан» болар дедім. Екінші баламды босанған кезде, қантпен шәй іше алмай қалғаным әлі есімде. Сөйтіп, қанттың орынына кәмпит сала бастадым. Ал, енді кеше: «әлгі біздің бастық әйел шәйді құртпен ішеді екен, соған апарып берейін деп едім, үйде құрт болса салшы» дегені. 200-300 грамм құрт үшін жұмыстан шығарып жіберер деп, іздеп жүріп, құрт салып жібердім. Қайтейін енді? «Әлемдік дағдарыс» деген сылтау елге жақсы болды. Қит етсе болды жұртты жұмыстан шығарып, қысқартып жатқан жоқ па? Дәуітбай, мынаның әлгі сендердің бастық әйелдеріңмен шатысы жоқ па?- деп оның күйеуімен орталықта бірге жұмыс істейтін көршісіне қарады. 
 Дәуітбайда әңгіме сарынын ұстап:
-   Зағипаш, мен соны білмейді екенмін. Бірақ, жұмыста сол әйел Шымбайдан басқамен құрт апармақ түгілі, құстың сүтімен барсаң да шәй ішпейді. Ондай құрмет тек сенің Шымбайыңа ғана тиесілі,- деп көзін қысты.
-   Солай де, неге маған ол ашығын айтпай жүр-а? Әлде, қорқып жүр ме екен?
-   Қойшы тіпті. Шымбайды сенен қорқады деп кім ойлаған? Қайынымның күнде таңертең ауызғы бөлмедегі үстелдің жапқышының астына 400 теңгемен, есік алдына аяқ киімін жүріп бара жатып киіп кететіндей етіп ыңғайлатып қоймасаң, жұмыстан шығарып жібермек түгілі, ел асырып жіберсе де үйден шықпайтынын білеміз,- деп Қамила сықылықтады.
-   Оның рас. Дегенмен, әйтеуір жұмысынан қалмасын деп, сол етікті мен әлі күнге дейін солай қойып жүрмін. Ертең дұрыстап қоймасам не істер екен-а? Байқап көруім керек. Дәуітбай, сен біздің Шымбайды жұмыста байқап көр. Егер әлгі бастық әйелмен шатысы болса, кешіктірмей айт. Тасқа отырып қалмайын. Мен оның алдын алуым керек. Байымнан айырылып қалатын шамам жоқ. Сақтай - гөр, Алла!  
-   Кетемін десе, күштеп ұстап тұрайын деп пе ең?- деді Қалима не айтар екен дегендей Зағипаның бетіне қарап.
-   Сен не білесің, Қалима? Мына менің қолыма қарасаңшы. Мені күніне екі ташкі сиырдың жаңа тезегін бекер шығарып жүр деймісің?
-   Екі тәшкі тезек шығармақ түгілі, сенің күніне екі рет сауатын төрт сиырыңның өзі-ақ біздерді болдырар. Сенің күшің шынымен-ақ бір жігіттей-ақ шығар,- деп әңгімеге Зейнеш араласты.
-   Кәзір менің күшім анау-мынау еркектеріңнен де көп. Әшейін, бабалар дәстүрін ұстап, бетіне келмей жүрмін ғой. Ертең балаларым үйленгенде керек, жұрт сияқты «әкесі бар екен» десін деп, осының бар қылығына көніп жүргенім жоқ па? Немесе, онымен қа-ашшан ажырасып кетер едім.   Әуелі баламды мектепке апарғанда: «Әкесі жоқ еді, кетіп қалып едім» деп тұрмайын деп ажыраспадым. Сөйтсем, балаға әке онды бітіргенде де керек екен. Дәл сол кезде әлгі Сартай ше? Қанапияның күйеуі. Соның баласының аттестат алған мерекесі болды. Соған келді ғой, шіркін! Баласы: «Бәрінің де әкесі барады. Мен не жетіммін бе? Әлде, әкесіз туылып па едім?» - деп жылап отырып алыпты, «түрі құрсын кәпірдің түрін көрмеймін» деп жүретін еді. Қайтсін, баласы үшін амал жоқ, шақыртыпты. Соны естіген соң, мен де «қой құрсын шыдай тұрайын» - деп ойладым. Аттестат алып болған соң - ақ ажырасармын деп. Сөйтсем, әлгі Жанат ше, қызы үйленгенде масқарадай болып, тірі күйеуі жүргенде, тойда қақиып жалғыз тұрды ғой. Ол да жаман екен. Соны көріп: «әкесі тұрғанда балаларымды тірі жетім етпейін, әрі құдалыққа барғанда қасымда ер азаматтың жүргенінің өзі дөкі емес пе?» - деп ойлап аттестат алғаннан кейін де ажыраспауға тура келді. Обшем, не керек, енді ажырасу жоқ. Неде болса, осының ісіне көнемін де. Құдай қаласа, балаларым үйленген соң бөпелі болады. Олардың атасы жоқ еткенім жарамас.   Ондайға мен жол бермеймін. Мен сорлы осының бәрін ойлап миым қатып жүрсе, мұным әлгі бастықсымақ әйелге өзімде жоқ құртпен шәй ішуіне жағдай жасап жүр. 
-   Зағипа, саған не болған? Оныкі де дұрыс шығар. Әлгі өзің айтқандай 200-300 грамм құрт үшін оны жұмыстан шығарып жіберсе не істейсің? Сосын ішкенін көбейтпей ме?- деді сырларын білетін көршісі Қалима.
-   Сол ғой менің де ойлап отырғаным. Егер ол менің күйеуіме қызықпай, әшейін әкелгендерін пайдаланып жүрсе мейлі. Ал, егер ойы бөлек болса ше? Басқа ешкіммен де шәй ішпейді екен... Мүмкін, мен оның қадір-қуатын осы уақытқа дейін байқамай, білмей жүрген шығармын. Ондай күйеу өзіме де керек, қарақтарым,- деп күйеуіне жақындады:
-   Шыйма, а Шыйма сен бастығыңа жазға дейін шыдай тұр де. «Жазда әйелім өз сйырларының сүтінен экологиялық таза құрт жасап береді» де, жарай ма? - деп Зағипа Шымбайдың мойынына асылды.

© Аққенже Acaнбaй 
30-Шілде-2010 17:49:36   жарияланды
Жариялау күәлігі № 889

  
 

Пікірлер

1
Жазылған пікірлер - Полученные комментарии

27756-ші оқырман
 
02-Тамыз-2010 09:39:04

Дұрыс айтасыз өзіңіздің күйеуіңіз сізге ғана керек бірақ, күйеуіңізбен бастығының ортасында не болғанын басын ашып алу керек деп ойлаймын. Бастығының күйеуі болмағаны ма? Егер сіздің күйеуіңіздің жан-ұясы барын, екі баласы барын білетін бастық,сондай қылық жасаса онда, ол бастық басынан кеткен екен. Біреудің бақытын тартып алып, өзіне алған адам оңбайды, ешқашанда.

Пікір қосу
Тақырыбы
немесе аноним аты
Мазмұны

 Суреттегі санды жазыңыз

 
ҚОНАҚ!
Логин:
Құпия сөз:
Есте сақтау
Құпия сөзді ұмыттым!
 Тіркелу Автор болу

  7/09/2009
Rambler's Top100


C 11/06/2010


Каталог Казахстанских ресурсов TABU