Қай қалаға кетсеңде бір білермін,
Шын сүйсең үзілмейді бір күдерің,
Ғашық етті қой көзің сиқыршыдай,
Айыға алмай бұл дерттен мен жүдедім.
Тұңғыиық тереңіне бата бердім,
Шырмап алып торыңа тарта бердің.
Қандай тәтті жаныңның жаңарғаны,
Құдіретін сезімнің қайта көрдім.
Сын ба маған? білмеймін ынтығамын,
Көңілімді күйзелген ұқшы жаным.
Пәктігіме сезімнің табындырған?
Өзіңді ойлап бір сәтте тыншымадым.