БАУЫРЛАР - 3 (Аққенже Acaнбaй) қазақстандық автор. www.elrayi.kz Онлайн жариялау. Транслитерация: латиница, kone jazu, арабская вязь.
Latin
 
|
www.elrayi.kz

Аққенже Acaнбaй     Жазба

Алматы

 

 Басты бет - www.elrayi.kz  Басты бетке

БАУЫРЛАР - 3 [48]/[0]

Ұсынамын



 Автор парағы
* * * * * * *
Хабарландыру [1]
Өлеңдер [4]
Жазба [15]
Өлең аудармасы [1]
Жазба аудармасы [5]
* * * * * * *
Автордың оқырмандары
Парақ иесіне хат жазу
Автор туралы
Автордың фотогалереясы

 

Бір бөлме ішінде  үй жасап, біріне бірі қонаққа барып, қуыршақ бөпелерін тамақтандырып бес қыз ойнап жүр. Аралары екі-үш жас шамасы. Қыздардың үлкені, 14-15 жасар  Алма:
-         Қазір папам келеді, үйді жинайық, - деді. Оған ойынның қызығына жаңа ғана түсе бастаған Жанар мен Айжан:
-         Біз үйді шашпаймыз, ойнай берейік,- деп жалынды.  
Алты жасар Жанар:
-         Мен Айжанға қонаққа барамын, иә Айжан, сосын екеуміз сол жерде балаларға тамақ беріп, әңгімелесіп отырамыз.
-         Сендерде  үлкенсіңдер. Үй жинауға көмектеспейсіңдер ме?
-         Біз ертең жинайық. Бүгін сендер жинаңдар.
-         Мен де Жанармен бірге үй жинаймын. Бірақ, ертең жинаймын, - деді төрт жасар Айжан.
-         Жарайды. Тек шашпай ойнаңдар. Қалима, Қалжан жүріңдер.
Үшеуі төрт бөлмелі пәтерді жинай бастады. Ас бөлмеде мамалары тамақ жасап жүр. Дауысын қаттырақ шығарып, Алмаға бірдеңелер айтып қояды. Оған Алма жауап қайтарады. Бір кезде сыртқы есік жақтан дыбыс шықты. Қыздар папаларының алдынан жүгіріп шығып, біреуі мойынына, біреуі арқасына жабысты. Ішкі бөлмеден шығып, қарап тұрған Алма мен Қалимаға қарап Жақып іштей «Қыздарым өсіп те қалыпты, бұрынғыдай жүгіріп келіп құшақтамайды. Уақыт қандай жылдам»,- деп ойлады. Олардың қастарына келіп:
-         Алма, бәрі де дұрыс па? Қалима, әкелші маңдайыңнан иіскейін. Бүгін қалай, кішкентайлар айтқандарыңды істеді ме?
-         Істемесе Алма бар. Одан олар сескенеді.
-         Сабақтарың қалай, Қалжан? - деп балалардың біреуін де көңілінен тыс қалдырмай, жағдайларын сұрап шықты. - Мамаларың қалай? Шаршатқан жоқсыңдар ма? Шаршатпаңдар. Үйдің шаруашылығын енді өздерің де алып жүре аласыңдар, солай ғой, Алма?
-         Иә, папа. Біз өзіміз үйді жинаймыз, еденді және кірді де жуып жүрміз.
-         Әп, бәрекелді. Мен осылай екенін білдім де - қыздарының әрқайсысының бетінен сүйді.
Қыздардың бір-бірімен татулықтары Жақыпқа ұнайды. Ешқашан олардың бірін-бірі жылатып, не айтқандарын істете алмай жатқан жерлерін әзірге сезген жоқ. Мектепке барған қыздары алғыр. Сабақты жақсы оқиды, ұқыпты, үй тапсырмасын уақытымен орындайды. Кішілері: «біз қашан барамыз, бізде мектепке барғымыз келеді»,-  деп асығуда. Олардың да уақыты келгенде жақсы оқитынына сенімді. Бесеуі тату болғанымен, тетелестер арасы тіпті жақын.  Алма ерекше. Ол ешкіммен онша жақын араласып, бала болып ойнай қоймайды. Өзін үлкен санайды. Жанар мен Айжан, Қалжан мен Қалима бір-біріне жақын. Екеу ара ойындары жарасып, бір-бірін айтпай –ақ түсінеді. Негізі қандай жағдайда да үшінші адам артық болатын болар. Кішілер үлкендердің айтқанына құлақ түреді, ал үлкендері әрдайым кішілеріне қамқор. Әсіресе бұл жағдай балалардың жас кезінде көбірек байқалады.
Жақсы ойыншықтардың тапшылау кезі, әрі балалардың бәріне бірдей қуыршақ алып беруге қаражат мүмкіндік бермейді. Сондықтан ең кішкентайға бір, ал Жанар мен Қалимаға бір қуыршақ алып берген. Балалардың әдеті емес пе бірінде бар нәрсе екіншісінде де болғанын қалайтын. Жанар мен Қалима кезектесіп ойнайды. Көбіне әрине Жанар алады. Бірде Жанар қуыршақты суға түсіріп, шашын жуған екен, қуыршақтың шашы алаңсыз түсіп қалыпты. Киімдерін де «ондай ұзын көйлек емес, қысқа және тарлау болса әдемі болады»- деп қырқып тастапты. Жаңа алған қуыршақ бірнеше жыл ұстағандай. Өз ойыншығы өзіне ұнамай Айжанның қуыршағын алғысы келіп, екеуі таласып, Айжанды жылатқан соң анасы келіп жекіді:
-         Жанар, сен, неге өз қуыршағыңмен ойнамайсың?- дегенде мамасына шындықты айтуға қорқып, жылай берді. Ішкі бөлмеден Қалжан жүгіріп келіп:
-         Мама ол қуыршақты мен жуындырамын деп, байқамай шаштарын құртып алдым, тағы киімін басқаша пішкім  келіп еді, дұрыс болмады сосын ол Жанарға ұнамай  қалды. Онымен ойнағысы келмейді. Мен кінәлі. Ұрыспашы оған. Жеке маған берілетін ақшаны жинап,  Жанарға қуыршақ алып беремін. Жанар, жылама мен саған ертең әдемі қуыршақ әперемін. Айжанның қуыршағына тиіспе. Ол кішкентай, әрі ол өз қуыршағын бүлдірмей, сақтап ойнайды. Тиіспе, оған, жарай ма? Мен  сендерге ертегі оқып беремін, жүріңдер.
Әпкесінің мұны қорғап қана қалмай, өз қаражатынан қуыршақ та алып беретін болған соң оны құшақтап сүйіп алды да:
-         Жүр Айжан. Қалжан ертегіні жақсы оқиды. Тыңдап алайық. Ал ертең, сол ертегіні мен саған айтып беремін.
Айжанның қолынан жетектеп Алма мен Қалима және Қалжан өз бөлмесіне қарай жүрді.
      Тағы бірде, ол кезде Жанар бесінші сыныпта, ал Қалжан сегізінші сыныпта оқитын, Жанар анасының еңбек сабағына берген жіптерін, сабақта тоқымамен айналысатын, қайда тастап кеткені есінде жоқ, таппай қойды. Анасына айтуға батпады. Себебі жылап жүріп, ең қымбат жіпті алғызған болатын. Не істерін білмей тұрғанын Қалжан көріп, мән-жайды түсінген соң үн-түнсіз Жанарға өз жібін берген. Қалжанның еңбек сабағында не істегенін Жанар әлі күнге дейін білмейді, есінде тек папасының Қалжанға:
-         Мен сенен мұндайды күтпеп едім. Бұның не? – деп режігенін біледі. Мүмкін  еңбек сабағынан нашар баға алған болар.
Бірде Жанар 16 жасқа толуына байланысты  жолдастарын жинайтын болды. Бір ай бұрын сол кешке қандай көйлек киетіндігі туралы ойлап, дүкендерді бірнеше рет аралап, бұған ұнаған көйлек тым қымбат болып, ал ақшасы жететін көйлек ұнамай әбігерге түсті.
Туған күніне үш-төрт күн қалғанда Қалжан:
-         Жанар, жүр дүкендерге барып қайтайық, - деді.
Ойындағысы болмайтын болған соң Жанар:
- Тимеші маған, ешқайдада бармаймын.
-         Жанар, жалынамын. Маған керек болып тұр,- деп қоймаған соң, киініп Қалжанмен бірге шықты. Қалжан ол кезде студент болатын. Сабақты жақсы оқиды. Көтеріңкі степендия алатын. Екеуі Жанарға қатты ұнаған көйлек сатылған дүкенге қарай беттеді. Жанар сол дүкенді көргеннен онда кіргісі келмей:
-         Қалжан, мен кірмей-ақ қояйын. Сен сол жерден бір нәрсе аласың ба?
-         Алмасам сені осында әкелемін бе? Маған сенің көмегің керек. Жүр. Саған не болды?- деген соң Жанар амал жоқ дүкенге кірді. Қалжан тура бұған ұнаған көйлектің жанына барып:
-         Қалай ойлайсың? Мына көйлек маған дұрыс болады ма?
-         Білмеймін. Киіп көр.
Бұл көйлектің Жанарға ұнағанын Қалжан білмейді, осы дүкенге ол кіші сіңілісі Айжанмен бірге келген болатын.
-         Жанар, сен киіп көрші.
-         Қалжан саған не болған? Көйлекті сен аласың, мен киіп көруім керек пе? Ки. Саған жарасып тұр ма, жоқ па мен айтайын.
-         Жанар, сен мені білесің ғой. Бәрібір саған кигізіп көретінімді. Киші. Сонан соң мен киіп көремін. 
Әдетте Қалжан өзіне киім алатын болса,  Жанармен келіп көріп, міндетті түрде бұған да кигізіп көретін. Сол әдетіне басып тұрғаны осы жолы Жанарға мүлде ұнамады:
-         Кимеймін.
-         Киші, Жанар жалынамын. Киіп көрші,- деп қоймаған соң, Жанар көйлекті киді.
-         Қандай керемет көйлек!
-         Сен киім таңдай білесің.
-         Саған арнап тігілгендей Жанар, ұнайды ма?
-         Қалжан, алғың келсе ал. Менің бұл жерде қандай қатысым бар. Көйлек шынында керемет.  Бірақ, әуелі киіп көруді ұмытпа.
-         Жоқ. Мен кимеймін. Сен киесің. Бұл көйлек саған арналған. Шешпе,- деді де сумкасынан ақша шығарып, төлеу үшін сатушыға қарай бұрылды:
-         Қалжан, қоя тұр. Сен не, қайдан білдің бұл көйлектің маған ұнап қалғанын, ақшаны қайдан алдың? Жоқ, қиналып қаласың, керегі жоқ. Басқа көйлекті кие саламын. Керегі жоқ.
-         Жанар, он алты жас жылда келмейді. Бір-ақ рет болады. Саған қатты ұнап қалғанын маған Айжан айтты. Мен үш айдың степендиясын жинадым. Саған міндетті түрде ұнаған көйлегіңді алып беру үшін мен осы ақшаны жинадым. Кәне ки, жайраңдап, туған күніңді өткіз. Маған одан артық ештеңе керегі жоқ. Мен қиналмаймын. Егер сен сол күні өзіңді бақытсыз сезінсең маған сонда қиын болар еді. Түсіндің бе?
Екеуі бірін бірі құшақтап қуаныштан жылап жіберді. Жанар Қалжанның бетінен сүйіп:
-         Сендей апасы бар мен қандай бақыттымын,- деп кеудесін кернеген қуанышын жасыра алмады.
Міне, содан бері қанша жыл өтті. Жарты ғасырға жуық болар. «Елу жылда ел жаңа» деген. Қазір ел де жаңа, адамдар да жаңа. Өмір заңы емес пе, қыздар да жаңа.  Десе де Жанар Қалжанның соңғы істеріне түсінбейді.  Жанар ойланып отыр. Әке-шешесінің бірінші көрген немересі осы Жанардың баласы. Атын да әкесі Бауыржан деп өзі қойды, күйеуінің келісімімен Жанардың фамилиясын берген. Бауыржан  фамилиясын мақтанышпен алып жүр.  Әкесі де қыздарының барлығының да маман болып, жұмыс жасап, үйлі баранды болғанына қуанышты, әрі енді оларды ойлап, уайымдамайтындай болған сыйяқты. Әрқайсысының өзінің үй-жайы бар, шүкір.
Жанардың папасы: «енді осы Бауыржанының  жағдайын жасауым керек. Үйі бар деп есептеймін. Себебі осы үй Бауыржандікі. Оған  ешкімнің де дауы жоқ. Өзі қалаған оқуына түсіп, білгір маман болуына себім тисе»,- деп отыратын.  Арада бірнеше жыл өткенде   Жанардың папасы қайтыс болды. Көп ұзамай күйеуі де о дүниелік болды. Бұл 90 жылдар үсті болатын. Жанардың мамасы күйеуінен қалған төрт бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Жалпы жұрт пәтерлерін жекешелендіріп жатқан кезде мамасының да пәтерін жекешелендірді. Осы орайда Жанардың барлық реніші Қалжанның әкеден қалған пәтерді  Бауыржанның  қарсылығына қарамастан өз қызының атына аударуы. Орынына Бауыржанға бір бөлмелі пәтер алып берді. Жанар ренжімес  еді, егер Қалжан жалғыз қызына үй алып бере алмайтындай жағдайда болса, не күйеуі қасында болмаса, не Қалжанның өзінде үй болмаса. Ал, Қалжанның орталықта соңғы архитектурамен салынған, үш бөлмелі кең пәтері бар. Өзі, күйеуі және қызы өте жақсы жерде жұмыс істейді.  Ал Жанар балаларды өзі жетілдіруде. Күйеуі марқұм, жастай о дүниелік болып кетті. Сондықтан ұлы мен қызының жағдайын өзі жасауы крек. Балаларын  ойлағанда Бауыржан туралы қам жемейтін. Себебі әкесінің үйі Бауыржандікі. Ал қызына өзінің екі бөлмелі пәтері бар. Ана деген балалардың жағдайын өзінен бұрын ойлайды емес пе? Жаман айтпай жақсы жоқ, әйтеуір  ұлы мен қызының баспаналары болса, қалғанын өздері де бірыңғайлар деп ойлайтын.
 Бауыржанға бір бөлмелі пәтер ұнамады, мүмкін атасынан қалған үйді сатқысы келмегеннен болар, әйтеуір ренішті. Оған арнап алып берген бір бөлмелі пәтерде үзілді-кесілді «мен ол үйде тұрмаймын»,- деді де  шет елге  кетті. Екі-үш жылда бір рет келеді ме жоқ па? Міне, кеткеніне он үш жылдай болды. Жанар қанша шақырғанымен «келемін» - демейді. Баласының осылай жүргенін, әлі үйленбегенін сол үйдің баласына тимегендігінен деп ойлап, Қалжанға өзі үшін емес баласы үшін өкпелі. Бір-бірі дегенде бір үзім нанды бөліп жеп жүрген әпкесімен кәзір бір-біріне кіре қоюы да екі талай және бұрынғыдай іші-бауыры елжіреп тұрмайды,  тек анда – сонда   телефон арқылы сөйлеседі. Осының бәрін Жанар көп ойлайды. Бірақ шешімін таба алмайды.  Қалжан осы жағын ойланады ма екен? Немесе ол да ана емес пе? Мүмкін ана болғандықтан да солай жасап отыр ма?    Кім білсін?...

© Аққенже Acaнбaй 
08-Шілде-2010 09:24:52   жарияланды
Жариялау күәлігі № 871

  
 

Пікірлер

Пікір қосу
Тақырыбы
немесе аноним аты
Мазмұны

 Суреттегі санды жазыңыз

 
ҚОНАҚ!
Логин:
Құпия сөз:
Есте сақтау
Құпия сөзді ұмыттым!
 Тіркелу Автор болу

  7/09/2009
Rambler's Top100


C 11/06/2010


Каталог Казахстанских ресурсов TABU