IP адрес деген сөзді көмпьютердің жеке адресі деп түсінуге болады. Әр адамды оның тұрып жатқан адресі бойынша тауып алуға болады. Ол үшін басында мемлекет, сосын аудан, қала, көше, үй тұралы жалпы мәлімет жазу керек. Сосын ғана адамның аты, тегі, қажет болса, күәлік номере деген сияқты төл құжаттарды көрсетеміз. Адамның жалпы мәліметі арқылы оның телефонын білуге болады. Адамды жер бетінде табу оңай, оған көмек ететін анықтама бюролары да бар.
Көп адам Интернетте өзін солай ақ тауып алады деп ойлайды. Осы мақала сол ойы дұрыс па, дұрыс емес пе деген сұраққа жауап береді. Алдын ала айтып кететін жәй – бұл оқыту әдістемесі емес, тек таныстыру мақсатымен жазылған мақала. Сондықтан, мамандық терминдерді аз қолданамыз, көбін жалпылап жауып қоямыз, қажет болған жерде қосымша тыс мысалдарды қолданамыз.
IP мысалы: 192.168.34.25, осындай сияқты жазылған сандарды біз IP адрестер дейміз. Жалпы айтсақ, IP – адрес ол нүктемен біріктірілген 4-сан. IP адрестегі әр сан 0 мен 255 сандар арасында орналасады. Сонда 856.235.917.0, -568.-325.0.11 сияқты сандар жиыны IP адрес емес, үйткені анықталған шектен шығып кетті.
Егер бізге бірнеше IP адрестер аралығын анықтап берсе, онда ішінде бар IP адрестерді оңай табуға болады. Мысалы 192.168.34.25 - 192.168.34.28 аралығында, 192.168.34.25, 192.168.34.26, 192.168.34.27, 192.168.34.28 – яғни 4- IP адрестері бар.
Енді күрделі мысал, 92.54.211.5 - 92.54.212.15 арасында қанша IP адрестері бар?
Бұл аралыққа 92.54.211.5 - 92.54.211.255 аралығы кіреді, оның ішінде – 250 IP адрестері бар. Сосын үшінші сан 212-ге ауысқанда, 4-ші сан 0-ге ауысады, үйткені 255-тен аспау керек. Сонда 92.54.212.0 ден бастап 92.54.212.15 – ке дейін тағы 16 IP адрестері бар. Сонда қойылған сұраққа жауап: берілген аралықта 266 - IP адрестері бар.
Тұжырымдап келсек, жалпы барлық мүмкін болған IP адрестер көлемі 0.0.0.0 – 255.255.255.255 аралығында анықталады, сонда бар болған IP адрестер көлемі
255 х 255 х 255 х 255 = 2554 4= 228 250 625 санымен шектеледі.
IP адрестердің көбісі арнайы мақсаттармен резервленген. Қалған IP адрестер жер бетіндегі барлық адамдарға, бар мекемелерге және мекемелерде бар компьютерлер санына жетпейді. Сондықтан мамандар осы санды өсіру амалдарын тапты. Біріншісі маска десек, екіншісі, үйренішті IP адрестерге қолданатын IPv4 протоколын IPv6 протоколына ауыстырады. Әр түрлі масканы қолданып, бірдей жазылатын IP адресті, әр түрлі түсінуге болады, тілдегі синонимдер сияқты. IPv6 – үйренішті 4 санның орынына 6 - санды қолданады. Қосымша тағы да басқа амалдар бар.
Интернетке жалғанған адамның компьютерін – хост деп атайды. Егер әр бір хостқа тұрақты IP адрес байлап қойса, онда IP адрестер жетпейді, немесе, IP адрес компьютер бұзылғанда жоғалып кетеді. Сондықтан әр хостқа IP адресті интернетке жалғанған кезде ғана береді. IP адресті тарататын қызмет – DHCP деп аталады. Қызмет деген сөз – сервис, немесе, сервисі бар дегенді –сервер деп кеткен. Сонда DHCP сервері IP адрестерді таратады.
Компьютер Интернетке жалғанған сайын, әр түрлі IP адреске ие болуы мүмкін. Бірақ, IP адресті беретін DHCP сервер оны алдын ала белгіленген аралықтан алады. Мысалы, Алматыдағы Қазақтелекомның DHCP сервері тарататын IP адрестері 89.218.114.0 - 89.218.114.127, 95.56.8.0 - 95.56.31.255, 95.57.238.0 - 95.57.241.255 сияқты аралықтарды құрастырады, мысалдар біздің сайтқа келушілерден алынды.
Сонда, әр аумаққа арнайы IP адрестер аралығы бекітіледі. IP адреске қарап, жалғанған компьютер қай қаладан екенін нақты білуге болады. Біздің сайтқа келушілер арасында Қазақстан аумағы, Россия және АҚШ қалалары бар.
Ал адамды қалай табамыз? Адамды Интернетте іздеу мақсат емес, бірақ, қылмыстық істі жасау амалымен, немесе, адамнын құқын бұзу немесе зиян келтіру амалымен орын алған жазбалар, істер болса, ондай адамды жазалау мақсатымен іздейтін болсақ, онда бірінші қаланы анықтаймыз, одан соң нақты таратқан DHCP сервері орналасқан ұйымды анықтаймыз, сосын прокурор санкциясымен сол ұйымға сұрау жібереміз. Интернетке шыққан хост іштеңе жазбасада барлық ашып көрген сайттарда тіркеледі. Әр хостың Интернетке жалғануға мүмкіндік беретін, желі тақша деп аталатын құралы бар. Онық нақты, тек өзіне тән жеке 12 саннан тұратын физикалық адресі бар, оны басқаша МАК адресі деп атайды. Жазудың пайда болған уақытымен, IP адресі арқылы DHCP серверден хостың адресін аламыз. Хостың МАК адресі нақты IP адреске телефон жүйесі арқылы байланады. Солай адамды да, компьютерді де табады. Бұл жағдай сирек кездеседі. Бірақ болашақта Интернет арқылы төлемдер, ақша табу амалдары орын алғанда жие болама деп қорқамыз.
Бөлінген IP адрестер.
Егер адам немесе ұйым Интернетте сайтын орналастырса, онда оған жеке нақты IP адресі байланады. Барлық сайттар өздеріне байланған IP адрестеріне ие. Интернет ортасында басқа да істермен айналысуға болады. Мысалы бізге сыйланған VPS – сервердің өзіне бөлінген IP адресі бар. Бұл серверді веб сервер ретінде, немесе жәй орталықта орналасқан сервер ретінде қолдануға болады. Ол үшін бұл серверге кіретін барлық адамдар логин мен паролін білу керек.
Кейде ұйымдар өздерінің жұмысына қажет IP адресті, немесе IP адрес аралығын сатып алуы мүмкін. Бөлінген IP адрестер көбіне мемлекеттік қажеттілгімен қолданады. Бөлінген IP адресі бар адамды бірден IP адресі арқылы тауып алуға болады.
IP адрестерді реттеушілер.
Жер шарында IP адрестерді таратып, басқаратын ұйым – IANA (The Internet Assigned Numbers Authority) – Интернет адрестердің үлестіруін бақылайтын ұйым. Бұл ұйымға келесі ұйымдар кіреде, олар жер бетін аумақтарға бөліп, басқарады.
| Региондар |
Тіркеушілер |
Кірген аумақ |
 |
AfriNIC
APNIC
ARIN
LACNIC
RIPE NCC
|
Africa Region
Asia/Pacific Region
North America Region
Latin America and some Caribbean Islands
Europe, the Middle East, and Central Asia
|
Осы ұйымдардың сайттарынан IP адрестер тұралы толығырақ ақпарат алуға болады.
DNS адрестері
Әр сайттың аты бар. Сайт аты домен деп аталады. Домендер солдан оңға қарай нүктемен бөлініп жазылады. Бірінші деңгейдегі домендер мемлекеттік және арнайы мақсаттармен құрылған домендер. Мысалы, kz, ru, kg – мемлекеттік домендер. elrayi kz ішінде екінші деңгейдегі домен. Екінші деңгейдегі домендерді адамдар қалауымен құрастырады, қалаған аты бос болса. Бірақ біздің мемлекетті ҚР Ақпараттану және байланыс басшылығының шығарған заңы ( Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 апреля 2005 года № 88-б Об утверждении Правил распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет
- http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id=40186) бойынша біразы нақты байланған, мысалы:
1) ORG.KZ – коммерциялық емес ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
2) EDU.KZ – білім беру ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
3) NET.KZ - ақпаратты Интернет арқылы тасымалдау істерімен айналысатын ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
4) GOV.KZ – мемлекеттік орындағы ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
5) MIL.KZ – Қорғаныс министірлігінің орын ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
6) COM.KZ – коммерциялық ұйымдардың үшінші домені үшін қолданады;
Доменнің атымен IP адрес сәйкестігін DNS (domain net system) серверлері шешеді.
Сонымен, адрестер үш түрлі болады: МАС, IP, домен адрестері. Домен адрестері адам ойына жағымды, ал IP адрестері физикалық құрылғыларға лайықты, МАС адрестерді көбіне ұйым ішінде, немесе DNS, DHCP серверлері қолданады.
Түсініксіз жерлері болса, сұрақ жазыңыздар!