| | |
|
© Айна Айтжанова
06-Шілде-2010 11:31:24 жарияланды
Жариялау күәлігі № 866
|
Пікірлер
1

 | Нығмет қызы
08-Шілде-2010 12:43:49 | Айнаға Өлеңіңнің мағанасы күшті екен! | 2
 | Елдос 64414-ші оқырман 16-Шілде-2010 03:37:51 | Елдос Айна апай бұл өлеңініз сын көтермейді, сізді өз басым аса жоғары балаймын дегенмен ана тілімізде жазған дүниелеріңізде қарапайым қателіктер басымдау, әттең | 3

 | Айна Айтжанова
17-Шілде-2010 12:33:04 | Елдосқа Рахмет, Елдос! Қазақтың бүгінгі жіңішке жері - сын айта алмайды және сын көтермейді. Сын арқылы шығармалар жетіледі. Менің орыстардың арасында өскенім, мені бұл жерде басқа қылып қалыптастырады. Әр сынды қуана қарсаламын, бірақ, құры сөзбен аузыңды сүрте алмайсың, не сыны жоқ, не үйрететіні жоқ, құры бір кеудесін бассам деген далбаса сөздер. Менің кеудемді басу оңайға түспейді, бірақ, сол шын сынды көремін деген үмітпен шығармаларды шыққан түрінде жазаберуге мәжбүрмін. Бірақ күнде жетілудемін, айтпағанды өзім де түсінермін бір күні. | 4

 | Беріш
28-Шілде-2010 19:02:24 | Құрбыға наз... Айна құрбым, айналайын!!!
Сенің өлеңдеріңде, әсіресе, қазақ тілінде жазған өлеңдеріңде шынайылық, сенің ақ көңілің, ниеттерің анық көрініп тұрады. Соны көріп ризашылық сезімде отырасың! Бірақ, Елдос бауырым жазғандай, қазақша жазған өлеңдеріңе аздап қарным ашыңқырап қалады. Кейбір келісімсіз ұйқастар түрпідей болып көрініп тұрады?! Осы жерде Абай атамыздың мынадай өлең шумақтары еске түсіп кетеді:
Өлең - сөздің патшасы, сөз – сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы, Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Мен өзімше осы шумақты орысшаға аударып көрдім. Сен орысша көзбен сынап қарашы, мүмкін орыс оқырмандарға менің орысша ұйқастарым түрпідей шығар? Мүмкін ұнар?
Стих - царь словестности, сочетание ценных слов, И лишь примудрый муж соотворить его готов, Стих должен легок, ровен, в чтении прятен, Тепло дарить сердцам всем вновь и вновь!
Құрдас болғасын аздап критикамен наз айтып жатырғаныма кешір. Өнерің үстем болсын!
| 5
 | Елдос 66059-ші оқырман 02-Тамыз-2010 02:41:17 | Елдос Ғаламторда жалпы бүгінгі пенделік тірлігімізде сын айтқыштар, мін таққыштар тым көп, тұщымды ойы, дәйекті сөзі болмаса да айтып қалуды, мүмкін болғанда тірсектен шалып қалуды міндет қылған, ақыл-парасаттан ауылы алыс, көлденең сөзді әжептәуір әңгіме қылған жұрттар. Абай атамыз назаланған надан тобыр ғой әйтеуір. Сіздің өзімнің жазған "сын-сымағыма" қалдырған пікіріңізді бүгін оқыдым (біраз уақыт компьютерден алыстап жазғы демалысқа бой алдыртқан болатынмын)жауабыңыздан жанайқайыңызды тағы да бір мәрте сезіндім, өзіме бағытталып жазылғандықтан жүрегіме жүк салды, өзіңіздің мақалаларыңызды қалдырмай оқып жүрген оқырман ретінде анау Гаськов тағы басқалары (зонакз.кз сайтындағы жазғыштар) іспетті қарсы майданның адамы болып көріндім бе деген ой қылаң беріп көңіліме маза түсті, "сын" айтқандағы ойым өлеңдеріңізде бір сөздің бір өлеңде бірнеше мәрте қайталанатыны, ұйқас-тіркестің жағымды келмейтіндігі т.т болатын, кеудеден басып, тәлкек қылып масаттанатын арамза ойлыларға сіздей өр мінез, ниеті адал, парасатты кісі нағыз нысан болғанымен атып алар олжасы емес екені анық. Шығармащылық шабытыңыз арта берсін, үлкен табыстар тілеймін ! | 6

 | Айна Айтжанова
03-Тамыз-2010 14:59:15 | Сәлем, Елдос! Пікірлеріңе рахмет. Қалай болса да қазақшаны жетілдірудемін. Өлең жазамын деп қиналмаймын, қалай келді солай шығып жатыр. Мен үшін өлен жазу - үлкен құдырет, оған мойынсұнамын. Ақынмын деп қиналып отырмаймын, келген ойлар ырғақпенен шыға береді, мен үшін бұл сиқырлық, үлкен құдырет!
Өлеңді түзеу үшін уақыт қажет болар, бүйырса - болар. |
|