3

 | Беріш
13-Маусым-2010 15:49:38 | Жылдар зулап өтіп жатыр... Мен бүгін 44 жасқа шықтым, Бұл өмірде нені көрдім , не ұттым? Қандай асуларды алдым? Қандай алыптарды жықтым? Кімдерден жәбір көрдім, Оратылып шырмауында былықтың? Тіршіліктің мәнісін ұға алдым ба, Қырқасынан асқан кезде қырықтың?
Мен бүгін 44 жасқа шықтым, Құлы боппын жайбарақат қылықтың, Жауабы жоқ сан сұрақтар қысқанда, Бұл фәнидің жалғандығын мен ұқтым. Алдым азап, жеткізбейді армандар, Алынбайтын қамалдай боп суық тым. Артым түнек, босқа өткізген көп күндер, Қадірін мен бағаламай жүріппін...
|